×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Астанада журналистке шабуыл жасаған кәсіпкерге айыппұл салынды — «Әділ сөз»

Астанада журналистке шабуыл жасаған кәсіпкерге айыппұл салынды — «Әділ сөз»
Фото: pexels.com

Астанада түсірілім кезінде жанжалдасқан кәсіпкер мен «Жетінші арнаның» телеоператорына бірдей мөлшерде айыппұл салынды, деп хабарлайды Tilshi.Net «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорына сілтеме жасап.

Оқиға 12 қарашада болған. «Жетінші арна» тілшілері елордадағы наубайханалардың бірінде санитарлық талаптардың сақталмауы мүмкін екені туралы сюжет түсіріп жатқанда кәсіпкермен жанжал туындаған.

Сот анықтағандай, кәсіпкер журналистің қолынан микрофонды жұлып алып, операторды қолына тас ұстап қуған. Ал оператор микрофонды қайтарып алуға тырысқан кезде кәсіпкер әйелді жерге құлатқан. Телеарнаның мәліметінше, кәсіпкер көлігімен оператордың жанында қауіпті маневр де жасаған.

13 қарашада сот кәсіпкерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 86 500 теңге (20 АЕК) айыппұл салды. Кәсіпкер кінәсін мойындаған. Журналист пен оператор оған қатысты шағымдары жоқ екенін мәлімдеген.

Алайда «Жетінші арнаның» хабарлауынша, микрофонды қайтарып алуға тырысқан телеоператорға да 86 500 теңге айыппұл салынған. Оның әрекеті өзге адамның тыныштығын бұзу ретінде бағаланған.

Осылайша, журналистердің жұмысына кедергі келтірген кәсіпкер мен редакция мүлкін қайтарып алуға тырысқан телеоператор бірдей әкімшілік жазаға тартылды.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар