23 қараша күні сағат 12:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Қандыағаш қаласы мен Атырау облысының шекарасы арасындағы автожолда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Tilshi.Net «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Шектеу республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 104–337 шақырым аралығына енгізіледі.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолды 23 қараша күні сағат 17:00-де қайта ашу жоспарланған.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.