×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Қазақстандық журналист Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды

Қазақстандық журналист Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды
Фото: @talgat.alman инстаграм парақшасынан

Қазақстандық журналист Талғат Алман АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында орналасқан ABC 7 телеарнасында Executive Reporter қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Тілші» журналистің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Талғат Алманның айтуынша, бұл — оның телевизия саласындағы алғашқы басшылық қызметі.

Жаңа қызметінде ол жаңалықтар бөлімінің жұмысын қадағалап, журналистер мен продюсерлердің жұмысын үйлестіруге қатысады. Сондай-ақ эфирге шығатын жаңалықтардың мазмұны мен сапасына, ақпараттың көрерменге уақытылы жеткізілуіне жауапты болады.

Басшылық міндеттеріне қарамастан, қазақстандық журналист репортаждар әзірлеуді және зерттеу журналистикасымен айналысуды жалғастырмақ.

«Маған осындай жауапты міндетті сеніп тапсырған басшылығыма ерекше алғысымды білдіремін. Көрсетілген сенімді ақтап, жаңа қызметімді абыроймен атқару үшін бар күшімді саламын!» — деп жазды Талғат Алман.

Журналист жаңа қызметке кіріскенін қуанышпен хабарлап, өзіне қолдау білдіріп жүрген оқырмандарына алғысын жеткізді.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар