×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан 8 метрлік мұнара тұрғызды

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан 8 метрлік мұнара тұрғызды
Фото: gov.kz

Астанадағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Жарқынәлі Ошаев 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын ерекше мұнара тұрғызды, деп хабарлайды Tilshi.Net елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мектептің кең залында орналасқан арт-нысан оқушылар мен ата-аналардың қызығушылығын тудырған. Мұнараның басты ерекшелігі – шексіздік әсерін беретін оптикалық иллюзия.

Еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен мұнара жоғары қарай шексіз созылып жатқандай көрінеді. Осылайша автор кітаптың адамға шексіз білім мен ақпарат әлеміне жол ашатынын көрсетуді мақсат еткен.

Фото: gov.kz

Ерекше туындыны жасауға қажетті 7 мың кітапты мектеп мұғалімдері мен оқушылары жинаған. Жобаны жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік талаптары да ескерілген.

Бұған дейін де түрлі қолөнер туындыларымен танылған Жарқынәлі Ошаевтың жаңа жұмысы мектептегі ерекше арт-нысандардың біріне айналды.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар