×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Кроссовкасы үшін Азиада алтынынан айырылды: Қазақстандық спортшының нәтижесі жойылды

Кроссовкасы үшін Азиада алтынынан айырылды: Қазақстандық спортшының нәтижесі жойылды
Фото: Sports.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026 ойындарында марафондық спорттық жүрістен алтын медаль алған еді. Бірақ оның алтыны жойылды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Спортшы 42,195 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жеткен.

Алайда жарыстан кейін спортшының аяқ киіміне қатысты протест түскен. World Athletics талаптарына сәйкес жүргізілген тексерісте Ясмина киген кроссовка моделі рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде жоқ екені анықталған.

Нәтижесінде спортшы дисквалификацияланып, алтын медалінен айырылды. Оның нәтижесі ресми хаттамадан алынып тасталды. Ал алтын Қытай спортшысына берілді.

Ясмина Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі жазбасында нәтижесінің жойылғанын растап, командасы шешімді соңына дейін даулағанын айтты.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар