Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады.
Құрама сапында Ақтөбе облысының спортшысы Ерлік Сертай да өнер көрсетті. Оның командаластары Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов.
Финалда қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті. Осылайша, Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарында 24 жылдан кейін қайтадан чемпион атанды.
Айта кетейік, Ерлік Сертай үшін бұл 2026 жылғы тағы бір ірі жетістік. Ол биыл Қазақстан құрамасымен бірге әлем чемпионатында командалық есепте алтын медаль иеленген.
Ал Ақтөбелік спортшы бұған дейін де Азиадада жүлде алған. 2022 жылғы Азия ойындарында командалық есепте күміс жүлдегер атанған. Енді Ерлік Сертайдың қоржынында Азия ойындарының алтыны бар.