Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Palm Springs қаласында өткен халықаралық дрон-футбол чемпионатында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, сенімді түрде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Tilshi.Net Kemel Bilim халықаралық мектебіне сілтеме жасап.
Ел намысын Ақтөбедегі Kemel Bilim халықаралық мектебінің SkyWings командасы қорғады. National Class 20 санатында команда чемпион атанса, National Class 40 санатында екінші орын алып, халықаралық аренадағы тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
«Бұл нәтиже — жүйелі дайындықтың, кәсібиліктің және ұйымшыл командалық жұмыстың жемісі», – деп хабарлады аталған халықаралық білім ордасының баспасөз орталығынан.