×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Мұғалжар ауданында екі арнайы экономикалық аймақ іске қосылды

Мұғалжар ауданында екі арнайы экономикалық аймақ іске қосылды
Сурет: ашық дереккөзден

Мұғалжар ауданында «Жаңажол» және «Қандыағаш» арнайы экономикалық аймақтары іске қосылды. Оларды құру өндірісті дамыту, инвестиция тарту және ауданда жаңа өнеркәсіптік алаңдар қалыптастыруға бағытталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қандыағаш» арнайы экономикалық аймағы 137 гектар аумақты алып жатыр. Өндірістік алаң қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мұнда кәріз жүйесі, газ және электр энергиясы тартылған, сумен жабдықталған.

Қандыағаш АЭА аумағында шойын мен болаттан габаритті бөлшектерді құю және механикалық өңдеу, сондай-ақ құбырлар мен қондырғыларды таңбалауға арналған өндірістер іске қосылуға дайын.

Ал «Жаңажол» арнайы экономикалық аймағы Батпақкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан және 400 гектар жерді қамтиды. Алаң өнеркәсіптік бағыттағы инвестициялық жобаларды орналастыруға арналған.

Екі алаңның да маңызды артықшылықтарының бірі – АЭА қатысушылары үшін көзделген бизнесті жүргізуге қолайлы арнайы жағдайлардың қаралғаны. Ал жергілікті тұрғындар үшін бұл жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуы. Өндірістік алаңдарда 2026 жылдың өзінде ауданның шамамен 2500 тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар.

Арнайы экономикалық аймақтарды құру Қазақстан Үкіметінің АЭА желісін дамыту және кеңейту жөніндегі шешімі аясында жүзеге асырылды.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар