Заманауи орталық
жүк және арнайы техникаға қызмет көрсетеді. Инвестиция көлемі 3,5 млрд теңге. Нәтижесінде
70 жаңа жұмыс орны ашылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сервис орталығы қаланың Оңтүстік айналма жолы бойында. Жоспар бойынша мұнда жылына 5 мыңға дейін қызмет көрсету операциясын орындау мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба бастамашысының мәліметінше, орталық Қазақстандағы осындай форматтағы алғашқы нысан болмақ.