«Кселл» АҚ (Kcell және activ брендтерімен) Fastest Mobile Network номинациясы бойынша халықаралық Ookla Speedtest Awards марапатына ие болып, Қазақстандағы мобильді желі жылдамдығы бойынша көшбасшылығын дәлелдеді. Ookla компаниясының 2026 жылдың Q1-Q2 (1-2 тоқсаны) бойынша жүргізген зерттеуіне сәйкес компания 72,35 Speed Score ұпайын жинады, бұл еліміздегі мобильді операторлар арасындағы ең үздік нәтиже болды. Зерттеуге бүкіл Қазақстан бойынша 124 463 пайдаланушы жасаған 1 396 593 тест нәтижелері негіз болды.
Зерттеу деректері бойынша, Kcell/activ пайдаланушылары мобильді интернеттің орташа жүктеп алу жылдамдығын шамамен 179 Мбит/с, ал деректерді беру жылдамдығын шамамен 23 Мбит/с деңгейінде алды. Бұл Қазақстанның мобильді операторлары арасындағы ең үздік нәтиже: желі сапасының кешенді көрсеткіші бойынша Kcell/activ зерттеудің ең жақын қатысушысынан 5 ұпайдан астам озып кетті, ал жүктеу жылдамдығы 60 Мбит/с-тан астам жоғары болды. Сондай-ақ талдау көрсеткендей, желі әртүрлі пайдалану жағдайларында - ең аз және ең жоғары жүктеме кезінде де жоғары өнімділікті сақтайды.
«Қамту аумағын кеңейтуге және желіні жаңғыртуға құйылған инвестициялар өлшенетін нәтиже беріп отыр. Біз бұны Kcell/activ-ті таңдайтын абоненттер санының өсуінен ғана емес, сонымен қатар желіміздің сапасына берілген тәуелсіз бағалаудан да көріп отырмыз. Ookla марапаттары инфрақұрылым мен желіні дамытуға салған инвестицияларымыздың сапалы пайдаланушылық тәжірибеге айналғанын растайды. Біз үшін бұл дұрыс бағытта келе жатқанымыздың басты көрсеткіші», - деп түсініктеме берді «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Пайдаланушылар үшін мұндай көрсеткіштер күнделікті өмірде мобильді интернетті барынша жайлы пайдалануды білдіреді. TikTok, Instagram, YouTube және басқа да сервистердегі видеолар жылдамырақ жүктеледі, ал бейнеқоңыраулар сенімді қосылымның арқасында тұрақтырақ өтеді. Желінің жоғары өнімділігі мобильді қосымшалар мен цифрлық сервистердің де тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Speed Score – жүктеу және беру жылдамдығын, сондай-ақ кідірісті ескеретін желі өнімділігінің кешенді көрсеткіші. Оны есептеу кезінде жүктеу жылдамдығы 70%, деректерді беру жылдамдығы – 20%, кідіріс – 10% салмаққа ие болады, бұл желі сапасын нақты пайдаланушылық тәжірибе негізінде бағалауға мүмкіндік береді.