×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІСІ HERIOT-WATT КАМПУСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІСІ HERIOT-WATT КАМПУСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ
Сурет: ашық дереккөзден

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси университетке жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Елші ханым университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетімен, халықаралық академиялық серіктестік бағыттарымен және заманауи инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар студенттермен кездесіп, академиялық ұтқырлық, Ұлыбританияда тағылымдамадан өту және бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мәселелерін талқылады.

Ректор Лаура Қарабасова Heriot-Watt кампусының білім беру жүйесі Ұлыбританияның жоғары білім стандарттарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Сондай-ақ ол университеттің халықаралық байланыстарды кеңейтуге және жаңа академиялық жобаларды жүзеге асыруға әрдайым ашық екенін жеткізді.


Өз кезегінде Салли Аксуорси алдағы уақытта студенттердің сұранысын ескере отырып, олардың Қазақстандағы британдық өндіріс орындарында тәжірибеден өту мүмкіндіктерін арттыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Ақтөбедегі Heriot-Watt университетінің кампусы «Электр энергетикасы», «Компьютерлік инженерия» және «Мұнай инженериясы және энергетикалық менеджмент» бағыттары бойынша білім береді. Дәрістерді Шотландия, Дубай және Малайзиядан келген біліктілігі жоғары оқытушылар мен халықаралық жоғары оқу орындарының түлектері жүргізеді.

Қазіргі таңда кампуста 500-ден астам студент оқиды. Олардың қатарында Қазақстанның әр өңірінен, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалардан, ауылдық жерлерден, сондай-ақ көршілес және алыс шет мемлекеттерден келген жастар бар.


Ақтөбедегі кампустың басты артықшылығы – студенттер GoGlobal академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестрді Дубай, Малайзия немесе Эдинбург кампустарында оқи алады. Мәселен, 2024-2025 оқу жылында 12 студент Малайзияда, 4 студент Эдинбургте білім алса, 2025-2026 оқу жылының бірінші жартысында Малайзияда 14 студент білімін шыңдады.

Оқуды тәмамдаған Heriot-Watt түлегі британдық және қазақстандық мемлекеттік үлгідегі қос дипломға ие болады. Бұл оның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті маман ретіндегі беделін айқындай түседі.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар