Tilshi.Net интернет-басылымының редакциясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аясында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру бағалары мен шарттарын хабарлайды.
Сайлауалды үгіт материалдарын дайындау және орналастыру бағалары
| Қызмет түрі | Бағасы |
|---|---|
| Tilshi.Net сайтында ақпараттық материал жариялау | 150 000 теңге |
| Tilshi Instagram парақшасында (паблигінде) жарияланым орналастыру | 15 000 теңге |
| Сұхбат дайындау | 100 000 теңге |
| Подкаст дайындау және жариялау | 300 000 теңге |
Материалдарды орналастыру шарттары
Сайлауалды үгіт материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сайлауалды үгіт жүргізу кезеңінде ғана орналастырылады.
Қызметтер тіркелген кандидаттардың барлығына жарияланған бағаларға сәйкес тең жағдайларда ұсынылады.
Материалдарды орналастыру кандидаттың жазбаша өтініші және жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Қызмет ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті сайлау қорының қаражаты есебінен төленеді.
Жарияланатын материалдар сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келуге, оның ішінде тапсырыс беруші, дайындаушы және қаржыландыру көзі туралы міндетті мәліметтерді қамтуға тиіс.
Ақылы негізде жарияланатын барлық үгіт материалдары «Сайлауалды үгіт материалы» деген белгімен орналастырылады.
Материалдардың жариялану мерзімі кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын сақтай отырып, редакциямен келісіледі.
Редакция туралы мәліметтер
Интернет-басылым: Tilshi.Net
Меншік иесі: «Tilshi» жеке кәсіпкерлігі
Бас редактор: Асқар Ақтілеуов
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 58, 1-корпус, 40-кеңсе.
Электрондық пошта:
askaraktobe@gmail.com
tilshi.media@gmail.com
Байланыс телефоны: +7 778 523 44 96
Ресми сайт: https://tilshi.net