×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Ақтөбе облысында Ресейге заңсыз әкетілмек болған 115 тонна мұнай өнімі тоқтатылды

Ақтөбе облысында Ресейге заңсыз әкетілмек болған 115 тонна мұнай өнімі тоқтатылды
Көрнекі фото: rsilogistics.com

Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» теміржол станциясында Ресейге бағыт алған екі вагон-цистерна тоқтатылды. Оларда экспорттауға тыйым салынған 115 тонна мұнай өнімі болған, деп хабарлайды «Тілші» облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, вагондар 2026 жылғы 12 қыркүйекте бірлескен жедел-профилактикалық іс-шара барысында тоқтатылған. Оған Мемлекеттік кірістер департаменті, ҰҚК департаменті және ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысқан.

Жүк «Жем – Похвистнево» бағытымен Ресейдің Самара облысына жөнелтілген. Ілеспе құжаттарда өнім «газ конденсатының дистилляттары» деп көрсетілген.

Алайда Орталық кеден зертханасының сараптамасы цистерналарда тікелей айдалған нафта болғанын анықтаған. Департаменттің хабарлауынша, бұл өнімді экспорттауға Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №175-н/қ бұйрығымен тыйым салынған.

Жүк жөнелтуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ серіктестік басшысымен профилактикалық әңгіме өткізіліп, экспорттық шектеулер мен оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілген.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар