×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Ақтөбе облысында Ірі супермаркет желісі ретробонустың белгіленген шекті мөлшерін асырған

Ақтөбе облысында Ірі супермаркет желісі ретробонустың белгіленген шекті мөлшерін асырған
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға және сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген бақылау барысында ірі супермаркет желісінің ретробонус бойынша белгіленген шекті мөлшерден асқаны анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Анықталған заң бұзушылыққа байланысты аталған кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-3-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде оған 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, 2026 жылдың басынан бері Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемелерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.

Бақылау шаралары барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асудың бірқатар фактісі анықталды. Нәтижесінде 137-ден астам кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінен асу деңгейі 20%-дан 270,9%-ға дейін жеткен. Заң бұзушылықтар көбінесе картоп, пияз, сәбіз, күріш, күнбағыс майы және басқа да бірінші кезектегі қажетті тауарларды сату кезінде анықталды.

Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабының 1-бөлігіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жалғастырады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау, ретробонус бойынша талаптарды орындау және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сұрақтар туындаған жағдайда немесе консультация алу үшін азаматтар Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26 телефондары арқылы немесе Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25 мекенжайы бойынша жүгіне алады.



Ретробонус – жеткізушінің супермаркетке тауарды белгілі бір көлемде сатып алғаны немесе сату көрсеткіштері үшін кейін қайтаратын ақшасы немесе беретін жеңілдігі. Мысалы, дүкен картопты жеткізушіден келісіне 200 теңгеден сатып алып, кейін жеткізушіден әр келісі үшін 10 теңге ретробонус алса, картоптың дүкен үшін нақты құны 190 теңгеге түседі. Осылайша ретробонус супермаркеттің шығынын азайтып, табысын арттыруы мүмкін. Сол себепті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ретробонус мөлшеріне заңмен шектеу қойылған.


🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар