×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын Tilshi.net интернет-басылымының сайты мен Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын Tilshi.net интернет-басылымының сайты мен Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Сурет: ашық дереккөзден

Tilshi ЖКTilshi.net интернет-басылымының меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға Tilshi.net интернет-басылымы мен Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін интернет-ресурстағы орынның ақы мөлшері, шарттары және ұсыну тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт-насихат 2026 жылдың 23 шілде сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.

Үгіт материалдары* https://tilshi.net сайты мен Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында келесі форматтарда орналастырылады:

 

Материалдарды Tilshi.net сайтында және Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында орналастыру

Материал түрі

Көлем

Теңгемен көрсетілген құны, ҚҚС-ты қоса алғанда

Мақала

5 000 таңбадан аспайды (пробелмен), 5 фотосуретке дейін

300 000

Instagram желісіндегі материал

Фото/видеопост

100 000

 

Баннерлік жарнама

Орналасуы

Көлем

Теңгемен көрсетілген құны, ҚҚС-ты қоса алғанда

Жоғарғы баннер

Desktop 1165 x 120 px

Mobile – 1165 x 120 px

50 000

Оң жақ

Desktop 300 x 250 px

40 000

*Барлық үгіт материалдары толық дайын күйінде ұсынылады және сайт иесі тарапынан редакциялық өңдеуге жатпайды.

 

Tilshi ЖК үгіт материалдарын https://tilshi.net сайтында және Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде орналастырады.

Үгіт материалдарының саны, көлемі, оларды орналастырудың болжамды күні мен уақыты партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның сенім білдірілген өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі және кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініш әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен келіп түскен күні беріле отырып, кезектілік тәртібімен тіркеу журналына тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) саяси партияның сенім білдірілген өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);

3) өтініш беруші саяси партияның сенім білдірілген өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

5) қағаз жеткізгіштегі үгіт материалының мәтіні.

 

Үгіт материалдары https://tilshi.net сайтында және Instagram желісіндегі @tilshi.news онлайн-аккаунтында  жарияланатын күнге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Егер үгіт материалдары Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, Tilshi ЖК оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Сайтта үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу уақытына қарай айқындалады. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе тарту арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін сайт иесі белгілейді.

Үгіт материалдарында оларды төлеу туралы мәліметтер, қаржыландыру көздері, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы деректер көрсетілуге тиіс.

Саяси партиялар үгіт материалдарының мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына сәйкестігі үшін жауапты болады.

Сайт иесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе олардың таратылуын тоқтата тұруға құқылы, оның ішінде материалдарда:

-конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырулар;

-мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қол сұғушылық;

-әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе өзге де алауыздықты қоздыру;

-қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;

- басқа кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болған жағдайда.

Үгіт материалдарын орналастыру туралы жасалған шарт бойынша төлем ұсынылған төлем шоты негізінде, шот қойылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде жүзеге асырылады.

 

Жазбаша өтініштерді Tilshi ЖК 2026 жылғы 15 шілде мен 17 тамыз аралығында (қоса алғанда), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін, 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, мына мекенжай бойынша қабылдайды: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 58, 1-корпус, 40-кеңсе.


Байланыс телефоны: 8 778 523 44 96

e-mail: askaraktobe@gmail.com, tilshi.media@gmail.com 


Факсимильдік байланыс немесе интернет арқылы жолданған өтініштер қабылданбайды.

 

 

Tilshi ЖК

жетекшісі                                                                                                        Ақтілеу А.

 

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар