×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Ақтөбеде AI Engineering жаңа маусымы басталады: оқушылар жасанды интеллект негізінде жобалар әзірлейді

Ақтөбеде AI Engineering жаңа маусымы басталады: оқушылар жасанды интеллект негізінде жобалар әзірлейді
Сурет: ашық дереккөзден

Ақтөбеде AI Engineering білім беру бағдарламасының жаңа маусымы басталады. Бағдарлама аясында 14 жастан асқан мектеп оқушылары мен студенттер жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, AI технологиялары негізінде өз инженерлік жобаларын әзірлейді. Қазақстан бойынша бағдарламаға алдын ала іріктеуден өткен шамамен 100 жас қатысады.

Бастама “Мейкерспейс кеңейеді!” желісі аясында Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен “Шеврон” компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады. Бағдарлама жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

AI Engineering бағдарламасы екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 2025 жылы оған Қазақстанның түрлі қалаларынан шамамен 100 мектеп оқушысы мен студент қатысып, жасанды интеллект негіздерін меңгерді, қазақ тілінде AI-көмекшілер әзірледі, сондай-ақ заманауи дауыс және мәтіндік жүйелердің жұмыс қағидаларымен танысты.

2026 жылы бағдарлама жаңартылған, практикалық әрі инженерлік бағытқа көшті. Қатысушылар Raspberry Pi біртақталы компьютерімен жұмыс істеп, компьютерлік көру және машиналық оқыту негіздерін үйренеді, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде интерактивті құрылғылар жасайды.

«Біздің мақсатымыз — оқушыларға жасанды интеллекттің абстрактілі технология емес, өз қолыңмен жасауға болатын құрал екенін көрсету. Raspberry Pi-мен жұмыс істеу арқылы қатысушылар деректер жинаудан бастап модельді оқытуға дейінгі, әрі қарай жұмыс істейтін құрылғыны жасауға дейінгі толық процесті меңгереді», — дейді AI Engineering курсының тең авторы Әділет Болатхан.

AI Engineering бағдарламасы — Қазақстандағы жастар арасында инженерлік ойлау, цифрлық дағдылар мен технологияларға қызығушылықты арттыруға бағытталған шығармашылық зертханалар желісі — Мейкерспейс білім беру бастамаларының бір бөлігі.

Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 21–30 сәуір

Өтетін орны: American Corner & Makerspace Aktobe, С. Баишев атындағы кітапхана, 11-шағынаудан, 112Е

Қатысушылар жасы: 14 жастан бастап

Қатысу тегін, орын саны шектеулі

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар