×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Ақтөбеде екі үйдің орны қоқыс алаңына айналды: тұрғындар ашулы

Ақтөбеде екі үйдің орны қоқыс алаңына айналды: тұрғындар ашулы
Фото: aktobe_zello инстаграм парақшасынан

Ақтөбедегі Есет батыр ауданда орналасқан №39 және №40 үйлер бұзылғаннан кейін аула қоқысқа толып қалған. Тұрғындар аумақтың тазаланбағанына наразы болып, әлеуметтік желіде шағымданды.

Оларды айтуынша, апатты деп танылған екі үйдің тұрғындары бір күннің ішінде көшірілген. Алайда үйлер бұзылмай, екі жыл бойы тұрған. Ал оларды толықтай құлатуға төрт ай уақыт кеткен. Енді жергілікті жұрт қираған ғимараттардың орнын тазалауды күтіп жүр.

Қазір аулада сынған бетондар, құрылыс қалдықтары мен түрлі қоқыс шашылып жатыр. Бұған қоса, қараусыз қалған құдықтар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызады. Себебі бұл жерде балалар жиі ойнайды.

Тұрғындар құрылыс қалдықтарын толық жинап, ашық құдықтарды қауіпсіздендіруді және ауланы ретке келтіруді талап етеді.

Әлеуметтік желідегі шағымға Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ресми парақшасы жауап берген.

Ведомствоның мәліметінше, екі апатты үй демеушілердің қолдауымен бұзылған. Алдағы күндері аумақты тазалау жұмыстары жүргізілмек.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар