×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланды

Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланды
Фото: «Әділет» партиясы

«Әділет» партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихатыдепутаттығына кандидаттар Күлпаршын Айдархановамен Марина Деркач «Дару» оңалту медициналықорталығының еңбек ұжымымен кездесті. Басқосудакандидаттар «Әділет» партиясының Ақтөбе облысыбойынша 2026-2031 жылдарға арналған өңірліксайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтаусаласын дамытуға бағытталған жоспарларға тоқталды. 

Фото: «Әділет» партиясы

Күлпаршын Айдарханова құжатта медициналықинфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға сапалымедициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мәселелерінебасымдық берілгенін атап өтті.

— Денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың өмірсапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан медициналықмекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи талаптарға сай нысандар салу маңызды. Бағдарлама аясында өңірде 12 денсаулық сақтау нысанынсалу көзделген. Олардың қатарында жылына 25 мыңшақыруға арналған жедел және шұғыл медициналықжәрдем қосалқы станциясы, облыстық қан орталығы, 200 орындық көпбейінді қалалық балалар ауруханасы жәнежұқпалы аурулар блогы бар 200 орындық көпбейіндіоблыстық аурухана бар. Сонымен қатар 13 медициналықнысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 250-ден астаммедициналық жабдық сатып алу жоспарланып отыр. Бұлжұмыстар медициналық қызметтің сапасын арттырып, тұрғындардың қажетті көмекті уақытылы алуына мүмкіндікбереді, – деді Күлпаршын Айдарханова.

Басқосуда медицина кадрларының тапшылығын азайту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселелері де айтылды. Марина Деркач бағдарламада Марат Оспанов атындағыБатыс Қазақстан медицина университетінің 100-ден астамтүлегін дәрігер тапшы ауылдарға жіберіп, жұмысқаорналастыру, сондай-ақ 37 дәрігердің шетелдікмедициналық ұйымдарда біліктілігін арттыру көзделгенінатап өтті.

Фото: «Әділет» партиясы

— Бұл шаралар ауылдық жерлердегі медициналықкөмектің қолжетімділігін арттырып, медициналық қызметсапасын жақсартуға бағытталған. Бұдан бөлек, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және олардыерте анықтау мәселелеріне басымдық беріледі. Үш жасқадейінгі балалардың кемінде 95 пайызын ерте диагностика, профилактикалық іс-шаралар және вакцинациямен қамтужоспарланып отыр. Сондай-ақ қатерлі ісіктерді бастапқыкезеңде анықтау үшін кемінде 1 миллион адамдыскринингтен өткізу міндеті қойылған. Мұның бәрі аурудыасқындырмай анықтап, дер кезінде ем қабылдауға жағдайжасауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Марина Деркач.

Кездесу барысында кандидаттар орталықтың қызметіментанысты. «Дару» – ересектер мен балалардың түрліауруларын диагностикалау, емдеу және медициналықоңалту қызметтерін көрсететін заманауи көпбейіндіклиника. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалыотбасылардан шыққан балаларға қызмет көрсету кезінде 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Фото: «Әділет» партиясы

Кездесу соңында кандидаттар еңбек ұжымымен пікіралмасып, медицина қызметкерлерінің ұсыныстары мен саладағы өзекті мәселелеріне назар аударды. Олар өңірдіңәлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішіндеденсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталғанжоспарларды жүзеге асыруда әр азаматтың белсендіұстанымы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар еңбекұжымын ел өміріндегі оқиғаларға бейжай қарамай, 29-қараша күні сайлау  учаскесіне барып, Ақтөбе облыстықмәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімдіұсынған «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды. Кандидаттар халықтың қолдауы мен ортақ іске атсалысуыөңірдің алдағы бес жылдағы даму бағытын айқындаудамаңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Тапсырыс беруші: Алишев К.К.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарыныңсайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар