Ақтөбе қаласында қаламен аттас «Ақтөбе» қонақ үйінің алдындағы биік қоршау алынып тасталды, деп хабарлайды Tilshi.Net.
Қала әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменованың айтуынша, аталған аумақ ұзақ жылдар бойы жекеменшікте болған.
«Қала әкімі өткен жылдан бері қала аумағында бұрын жекеменшікке өтіп кеткен бірқатар жер учаскелерін коммуналдық меншікке қайтару жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның бірі — осы аумақ (бұрын “Магнит” кафесі орналасқан жер). Бұл жер учаскесі сот шешімімен қаланың қорына қайтарылды», — деді ол.
Айгүл Байменованың мәліметінше, енді бұл аумақты абаттандыру үшін демеуші тартылған. Қазіргі уақытта демеуші тарап аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.