×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Шалқарда 26 жастағы жігітті пышақтап кетті

Шалқарда 26 жастағы жігітті пышақтап кетті
фото: astanatv.kz

Шалқарда 9 тамыз күні 26 жастағы жігітті пышақтап кетті. Оны ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Аудандық полиция бөлімі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inform.kz.
— 2000 жылы туған пациент шабынан пышақ жарақатын алып жеткізілді. Ол ауруханаға сағат 05:51-де түсті. Медицина қызметкерлері дереу реанимациялық іс-шараларды бастады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сағат 06:21-де биологиялық өлім фактісі тіркелді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция қылмыстық істі тіркеп, тергеуді бастады.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шалқар қаласында жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар