Қазақстандықтар спортпен айналыса отырып, ақшалай сыйлықтар, iPhone 18 Pro, смарт-сағаттар және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып ала алады. 14 қараша мен 4 желтоқсан аралығында еліміздің барлық өңірінде «ҚУАТТЫ БОЛ / QUATTY BOL CHALLENGE» республикалық спорт челленджі өтеді. Қатысу тегін, ал тапсырмаларды үйде, көшеде, саябақта немесе спорт залында орындауға болады.
Жобаны қазақстандық AI SPORT цифрлық платформасы ұйымдастырады. Жарыстың басты ерекшелігі - қатысушылардың нәтижелері жасанды интеллект пен GPS технологиялары арқылы тіркеледі. Смартфон камерасы жаттығуларды танып, қайталану санын есептесе, GPS-трекер жүріп өткен немесе жүгірген қашықтықты анықтайды.
Челленджге дене дайындығының деңгейіне қарамастан, Қазақстанның 18 жастан асқан барлық тұрғыны қатыса алады. Қатысушыларға үш бағыт ұсынылады:
- QADAM MEN QUAT - күн сайын 3 шақырым жаяу жүру немесе жүгіру және 50 рет отырып-тұру қажет.
- 100 SHAQYRYM - 21 күн ішінде жалпы 100 шақырым жаяу жүру немесе жүгіру керек.
- QUATTY BOL PUSH - күн сайын 50 рет қолды бүгіп-жазу және 100 рет секіру қажет.
Күнделікті тапсырмалары бар бағыттарда челленджге қатысушылар 21 күннің кемінде 16 күнінде белгіленген тапсырмаларды орындауы тиіс. Яғни бес күнге дейін үзіліс жасауға рұқсат етіледі.
Жалпы ақшалай жүлде қоры - 1 миллион теңге. Оның ішінде әрқайсысы 100 мың теңгеден тұратын 10 жүлде қарастырылған. Сонымен қатар челлендж шарттарын орындаған қатысушылар арасында iPhone 18 Pro, 10-нан астам смарт-сағат және серіктестердің қосымша сыйлықтары ойнатылады. Ұтыс ойындарының өткізілу тәртібі жарыс ережелеріне сәйкес анықталады.
AI SPORT платформасының негізін қалаушы, Қазақстанның Ұлттық цифрлық және AI-спорт федерациясының президенті Ғабит Салтыбаевтың айтуынша, жобаның басты мақсаты - тұрақты түрде спортпен айналысуды әр адам үшін қолжетімді әрі қызықты ету.
«Біз спортпен айналысу үшін міндетті түрде ақша төлеу керек деп үйреніп қалғанбыз: абонемент сатып алу, жаттықтырушы жалдау, арнайы құрал-жабдық алу қажет сияқты көрінеді. Ал біз мүлде басқа идея ұсынамыз: спортпен тегін айналысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік алыңыз. Алматыда, Астанада немесе шағын ауылда тұруыңыз маңызды емес. Біз адамдардың миллион теңге немесе iPhone үшін ғана емес, өз еріншектігімен де бәсекеге түскенін қалаймыз. Өйткені ең үлкен жеңіс - спорттың бір реттік ерлік емес, күнделікті әдетке айналуы», - деді Ғабит Салтыбаев.
Челленджге қатысу үшін AI SPORT мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелу, үш бағыттың бірін таңдау және 14 қарашадан бастап тапсырмаларды орындау қажет. Жасанды интеллект смартфон камерасы арқылы жаттығуларды тіркесе, GPS жүйесі жаяу жүру мен жүгіру нәтижелерін бақылайды. Қатысушылардың көрсеткіштері цифрлық рейтингте көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар жобаның еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі тұрғындарды, соның ішінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі халықты тұрақты дене белсенділігіне тартуға ықпал ететініне сенім білдіреді.
«ҚУАТТЫ БОЛ / QUATTY BOL CHALLENGE» 2026 жылдың 14 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында 21 күн бойы өтеді. Челленджге Қазақстанның 18 жастан асқан барлық тұрғыны тегін қатыса алады.