×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

15 жылдан кейін Шалқар аэродромын қалпына келтіру жұмыстары басталды

15 жылдан кейін Шалқар аэродромын қалпына келтіру жұмыстары басталды
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Араға 15 жыл салып, Шалқар мен Ақтөбе арасындағы әуе қатынасын қайта жандандыру мақсатында аэродромды қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Тілші».

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбееваның айтуынша, Ақтөбе облысында жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты жолаушылар тасымалы 2011 жылдан бері жүзеге асырылмай келеді.

«Қазіргі уақытта өңірде шағын авиацияны дамытуға қажетті инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуда. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша аэродромды реконструкциялау жұмыстарын жүргізетін мердігер ретінде «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС анықталды. Жобалау жұмыстарының алдын ала ұзақтығы бес айды, ал құрылыс-монтаж жұмыстары алты айды құрайды», – деді ол.

Аэродром Шалқар қаласынан шамамен жеті шақырым қашықтықта орналасқан. Жоба аясында ұзындығы 1200 метр болатын қолданыстағы асфальтбетон ұшу-қону жолағын күшейту, перрон мен рульдеу жолын реконструкциялау, қоршау орнату, модульдік жолаушылар павильонын салу және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген.

Реконструкциядан кейін аэродром 19 жолаушыға дейін тасымалдай алатын L-410 ұшақтарын қабылдауға бейімделеді. Әуе рейстерін күндізгі уақытта орындау жоспарланып отыр. Жолаушылар тасымалын «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ базасында ұйымдастыру көзделген.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар