×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Жаңаөзенде TEDx форматында отбасы құндылықтары талқыланды

Жаңаөзенде TEDx форматында отбасы құндылықтары талқыланды
Сурет: ашық дереккөзден

Жаңаөзенде «Мықты отбасы – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында TEDx форматындағы ашық кездесу өтті.

Іс-шарада отбасындағы өзара түсіністік, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, ажырасудың алдын алу және жас отбасыларға психологиялық қолдау көрсету мәселелері сөз болды.

Кездесуде республикалық спикер Жансая Сабанбай отбасы институтын нығайту, қиын кезеңдерде өзара сенімді сақтау туралы ой бөлісті. Ал кәсіби психолог Жанар Баламанова отбасылық шиеленістің негізгі себептері мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешудің тиімді тәсілдерін түсіндірді.

TEDx форматының ерекшелігі – қысқа әрі мазмұнды баяндамалармен қатар, көрермендермен ашық диалог орнату. Қатысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, отбасыдағы қарым-қатынасқа қатысты пікір алмасты.

«Ұлт бесігі – отбасы» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған кездесудің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас отбасыларға қолдау көрсету және қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру.

Жоба аясында азаматтарға психолог пен медиатордан тегін әрі құпия консультация алуға мүмкіндік беретін «Отбасылық медиатор» алаңы да жұмыс істейді.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар