×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Ауруханалардағы Face ID жүйесі 10,6 млрд теңгенің "жалған" қызметіне тосқауыл қойды

Ауруханалардағы Face ID жүйесі 10,6 млрд теңгенің "жалған" қызметіне тосқауыл қойды
Фото: primeminister.kz

Еліміздің емханалары мен ауруханаларында емделушілерді цифрлық сәйкестендіру (Face ID) жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласындағы қаражаттың талан-таражға түспеуіне үлкен септігін тигізіп отыр. Бұл туралы "Тілші" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұрын жиі кездесетін «көрсетілмеген қызметті қағаз жүзінде жазып қою» (приписка) деректері күрт азайған. Тек 2025 жылдың өзінде биометриялық растау тетіктерін қолданудың арқасында шамамен 10,6 млрд теңге көлеміндегі негізсіз медициналық қызметтердің алдын алуға мүмкіндік туды.

Жүйе қайда және қалай жұмыс істейді?

Денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялау аясында пациенттерді танудың жаңа форматы мемлекеттік қаражат пен МӘМС жүйесі қаражатының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алды.

  • Қазіргі таңда пациенттерді цифрлық сәйкестендіру еліміздегі 1 950 медициналық ұйымда толық іске қосылған.

  • Дәрігерге қаралу мен қабылдаулардың 73%-ға жуығы дәл осы Face ID жүйесі және электрондық құжаттар арқылы тіркелуде. Яғни, науқас емханаға өзі барып, бет-әлпетін немесе құжатын растамайынша, дәрігер оның атына қызмет жаза алмайды.

Қаржылық ашықтық – басты назарда

Цифрлық бақылау тек адамды танумен шектелмейді. Қазіргі уақытта медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі де іске қосылған. Бұл жүйе ақы төлеуге ұсынылатын қызметтерді автоматты түрде бақылап, сәйкессіздіктерді сол сәтте анықтап отырады.

«Цифрлық бақылау медициналық көмек көрсету және төлеу процесіне біртіндеп енгізіліп жатыр. Енді бұзушылықтарды соңынан анықтап әуре болмай, олардың алдын аламыз. Бұл күмәнді операцияларды ертерек байқауға, негізсіз шығындарға жол бермеуге және қаржыны іс жүзінде көрсетілген нақты медициналық көмекке бағыттауға кепілдік береді», - делінген Үкімет хабарламасында.



🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?

Тіркелу қажет емес. AI жауаптарын маңызды шешімдер алдында тексеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар