×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Соңғы үлгідегі жерасты тиегіші өндіріс өнімділігін арттырып жатыр

Соңғы үлгідегі жерасты тиегіші өндіріс өнімділігін арттырып жатыр
Фото: Қазхром баспасөз қызметі

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында жаңа тау-кен көліктері қатарын кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр. Осы орайда Epiroc ST14 S жаңа дизельді тиегіші пайдалануға берілді. Бұл – ERG-дегі осы кластағы алғашқы техника әрі кенішті Sublevel Caving (SLC) технологисы арқылы механикаландырылған өндіру әдісіне көшірудің кезекті кезеңі.

Жаңа машина қазірдің өзінде SLC жүйесімен кен өндіріліп жатқан -402 метрлік  горизонтта жұмыс істеп тұр. Тиегіштің жүккөтергіштігі 14 тоннаны құрайды және ол компанияның жерасты техникасы паркіндегі ең сыйымды шөмішпен жабдықталған. Осының арқасында учаскенің өнімділігі артып, кенді тасылмалдау көлемі ұлғаяды. Бұған дейін бұл аумақта 10 тонналық машиналар қолданылып келген.

Дөң тау-кен байыту комбинаты

Айта кетейік, 51 арнайы техникадан тұратын тау-кен көлік кешенін жеткізу жұмыстары жыл басында басталған болатын. Жабдықтардың бірқатар  түрі Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізілді. ERG бұл жобаға 28 млрд теңгеден астам инвестиция бағыттап отыр.

– Жаңа буын техникасына көшу шахтаның дамуына берік өндірістік база қалыптастырып қана қоймай, кен өндіру тәсілін өзгертеді. Ең бастысы, өндірістік процестерді қызметкерлер үшін әлдеқайда қауіпсіз әрі қолайлы етеді. Осының барлығы жинақтала келе өнімділікті арттырып, SLC технологиясын кеңінен қолдануға және жерасты өндірісінің тиімділігін жүйелі түрде жоғарылатуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Бауыржан Утемисов.
"Болашақ" шахтасы

Тиегіш жақсартылған шолу мүмкіндігі бар заманауи кабинамен, 360 градустық бейнебақылау жүйесімен, кондиционермен және автоматты газ талдағышпен жабдықталған. Жаңа басқару жүйесі операторға техниканы толық бақылауда ұстауға жағдай жасап, жұмыс жайлылығын арттырады. Бұған қоса, барлық кабиналар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай сертификатталған.

– Ыңғайлы, көрініс өрісі кең, басқару тетіктері пайдалануға түсінікті түрде орналасқан. Айналаны толық көрсететін бейнекамералардың да көмегі зор, сондықтан жұмыс істеу әлдеқайда қолайлы, – дейді тиегіш операторы Асхат Раев.  

Жаңа техниканы енгізу SLC технологиясын дамытудың бір бөлігі. Бұл – терең орналасқан кен орындарын тиімді игеруге арналған, өнімділігі жоғары арнайы жабдықты қажет ететін жерасты кен өндірудің заманауи әдісі. Жыл соңына дейін кәсіпорынға электр жетегімен жұмыс істейтін тағы бір ST14 тиегіші жеткізіледі.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар