×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

Данияр Сағидолла Tilshi.Net интернет-басылымының бас редакторы қызметін атқарады

Данияр Сағидолла Tilshi.Net интернет-басылымының бас редакторы қызметін атқарады
Сурет: ашық дереккөзден

Жаңа қызметінде ол жобаның редакциялық жұмысын үйлестіріп, басылымның саясатын қалыптастыратын болады.

Оның айтуынша, жаңарту аясында жаңа айдарлар іске қосылып, авторлық әрі бірегей материалдарға басымдық күшейтіледі.

«Сайт Мәдениет және ақпарат министрлігінде қайта тіркеуден өтіп, жаңа домен — Tilshi.Net-ке көшті. Біз платформаны сапалы контент пен ашық диалог алаңы ретінде дамытуды көздейміз», — деді Данияр Сағидолла.

Сондай-ақ, жоба командасы офлайн іс-шаралар бағытын дамытып, аудиториямен онлайн кеңістіктен тыс өзара байланысты кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Данияр Сағидолла Tilshi жобасында үш жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін ол Tilshi Podcast-та контент-менеджер қызметін атқарған.

Осы уақыт ішінде ол медиасауаттылық, видеопродакшн, контентті ілгерілету және жасанды интеллектпен жұмыс істеу бағыттарында бірқатар оқыту тренингтері мен менторлық бағдарламалардан өтті.

Мамандығы бойынша филолог, сондай-ақ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде магистратураны тәмамдаған.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар