С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Makerspace шеберханасында SI Film Lab | Freedom 250 білім беру бағдарламасы өтеді.
Бағдарлама аясында 14 жастан асқан жастар жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен өздерінің қысқаметражды фильмдерін түсіреді. Қатысушылар идея ойлап табу мен сценарий жазудан бастап, бейне және дыбыс генерациясына, монтаж жасауға және үлкен экрандағы премьераға дейінгі толық шығармашылық үдерістен өтеді.
Қазақстандағы сегіз Makerspace орталығында алдын ала іріктеуден өткен 100-ден астам жас автор бағдарламаға қатысады.
Бағдарлама America 250 бастамасына орай ұйымдастырылып, Голливудтан бастап тәуелсіз киностудияларға дейінгі әлемдік визуалды мәдениеттің қалыптасуына ықпал еткен америкалық кино өнеріне арналады.
Жоба «Мейкерспейс кеңейеді!» желісі аясында Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы мен «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылады. Бағдарламаның негізгі бағыттары – шығармашылық индустрияларды дамыту, цифрлық продакшн және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану.
SI Film Lab бағдарламасы Makerspace орталықтарын шағын киностудияларға айналдырады. Қатысушылар жеке немесе шағын топтарда жұмыс істеп, ғылыми фантастика, комедия, роуд-муви немесе драма жанрларының бірін таңдайды.
Фильм түсіру барысында қатысушылар:
* Өз оқиғасын ойлап тауып, сценарий жазады;
* Кадрлар жоспарын (раскадровка) әзірлейді;
* Жасанды интеллект көмегімен суреттер мен бейнероликтер жасайды;
* Дыбыстау мен музыканы қосады;
* Фильмді монтаждап, дайын жұмысын ұсынады.
Сегіз практикалық сабақ барысында қатысушылар кино тілін, оқиға құрылымын, промпт жазуды, сурет пен бейне генерациялауды, дыбыспен жұмыс істеуді және монтаж жасауды меңгереді.
Сонымен қатар нейрожелілерді саналы әрі этикалық тұрғыдан қолдануды үйреніп, фильмде жасанды интеллект пайдаланылған тұстарды міндетті түрде көрсетеді.
Бағдарлама соңында әр қатысушы өз портфолиосына қосуға болатын қысқаметражды фильм әзірлейді.
Жоба ашық премьерамен аяқталады. Makerspace кеңістігі уақытша кинотеатрға айналып, қатысушылар өз туындыларын құрдастарына, оқытушыларына және қонақтарға үлкен экранда ұсынады.
«Жақында ғана фильм түсіру үшін команда, камера және бюджет қажет болатын. Бүгінде жасөспірімге идея мен ноутбук жеткілікті. Біз жастарға нағыз киностудиялар пайдаланатын құралдарды ұсынып, ең бастысы – өз тарихын баяндауды үйретеміз. Америкалық кино 250 жыл бойы жақсы оқиғаның кез келген арнайы әсерден күшті екенін дәлелдеп келеді», – дейді «Мейкерспейс кеңейеді!» желісінің бағдарламалық менеджері Әділет Болатхан.
SI Film Lab | Freedom 250 – Қазақстан жастарының инженерлік ойлау қабілетін, цифрлық дағдыларын және технологияларға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған Makerspace желісінің білім беру бастамаларының бірі.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 20 қараша – 12 желтоқсан (қалаларға байланысты күндер өзгеруі мүмкін).
Өтетін орны: С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Makerspace Aktobe.
Қатысушылардың жасы: 14 жастан бастап.
Қатысу тегін, орын саны шектеулі!
Тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/14cugbt-s_iNIn_ooQsIOFvHmbCAPuOKJUR1UjVZygxc
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс ақпараты
Үйлестіруші: Дана Өтегенова
Телефон: +7 701 765 04 60
Электрондық пошта: dana.otegenova@kz.americanspaces.info
Instagram: @american_corner_aktobe