×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

FlyArystan Run for Autism қайырымдылық жүгіруін ресми әуе тасымалдаушы ретінде қолдады

FlyArystan Run for Autism қайырымдылық жүгіруін ресми әуе тасымалдаушы ретінде қолдады
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Bolashak Charity қоғамдық қоры ұйымдастырған жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жүгіру жарысын серіктес ретінде қолдады. Іс-шара бүгін Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату айы аясында Астана қаласындағы Ботаникалық бақта өтті.

Серіктес ретінде әуекомпания жарыстың жүлде қорын қолдап, Астана – Батуми – Астана бағыты бойынша ұшу сертификаттарын ұсынды. Сонымен қатар компания Қазақстан өңірлерінен қор қамқорлығындағы балаларды, олардың қамқоршыларын және арнайы қонақтарды тасымалдауды қамтамасыз етті.

Йохан Эйдхаген, «FlyArystan» АҚ президенті және бас атқарушы директоры:

«Bolashak Charity қорымен серіктестік аясында біз аутизм туралы ақпарат тарату айы шеңберінде бірқатар инклюзивті бастамаларды қолдадық. Бұған дейін әуекомпания Астанада өткен Autism Talks кездесуіне қатысқан спикерлердің ұшуын ұйымдастырып, ашық диалогты дамытуға және қоғамның осы тақырыптағы хабардарлығын арттыруға өз үлесін қосты. Мұндай жобаларды қолдау – FlyArystan құндылықтарының және баршаға қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі ұстанымымыздың көрінісі. Компания инклюзияны дамыту аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Komek” жеңілдік бағдарламасын да жүзеге асырып келеді және бұл бағыттағы әлеуметтік жобаларды алдағы уақытта да жалғастырады».

Жарысты ұйымдастырушы Bolashak Charity қоғамдық қоры 15 жылдан астам уақыт бойы инклюзивті білім беру мен әлеуметтік бейімдеу бағытында жобаларды жүзеге асырып, даму ерекшеліктері бар балалар мен ересектерге білім алуға және кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп келеді.

Динара Гаплан, «Bolashak Charity» қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы:

«Run for Autism – ерекше жоба. Себебі бұл бастамаға біздің жобаларымызға қатысатын жасөспірімдер, олардың отбасылары, педагогтер, серіктестер мен қор достары қатысады. Сол себепті бұл жүгіру әлдеқашан жай ғана іс-шара шеңберінен шығып, түрлі қалалардан келген адамдарды ортақ идея төңірегінде біріктіретін шынайы қозғалысқа айналды. Біз үшін серіктестердің қолдауы ерекше маңызды. FlyArystan компаниясының біздің жобаларымызға тағы да қолдау білдіріп отырғанын шын жүректен бағалаймыз. Осындай компаниялар мен қор достарының арқасында Run for Autism әр адам үшін спорттың, ізгіліктің және тең мүмкіндіктердің нағыз мерекесіне айналып келеді».
Ботаникалық саябақта өткен жүгіріске 5 мыңға жуық адам қатысты

Run for Autism – халықаралық қайырымдылық спорттық қозғалысының бір бөлігі. Жарыс шамамен бес мың қатысушыныәуесқой жүгірушілерді, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, сондай-ақ инклюзивті қауымдастық өкілдерін біріктірді. Жүгіруге әуекомпания қызметкерлері – FlyArystan корпоративтік жүгіру қауымдастығының қатысушылары да қосылды.

Іс-шара барысында жиналған қаражат аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдер мен ересектерге арналған кәсіби оқыту бағдарламаларына, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне бағытталады.

FlyArystan инклюзивті ортаны дамытуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған спорттық әрі әлеуметтік бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Әуекомпания Almaty Marathon сынды ірі жүгіру іс-шараларының ресми серіктесі болып табылады, сондай-ақ бұған дейін трансплантология мәселелеріне назар аударуға және пациенттерді қолдауға бағытталған «Jüregımnıñ Jeñımpazy» қайырымдылық жүгіруіне қолдау көрсетті. Мұндай бастамаларды қолдау FlyArystan-ның қолжетімді мобильділікті дамытуға және ашық әрі инклюзивті қоғам қалыптастыруға үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар