×
Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?

«Қазхром» шахталарында техникалық қызмет көрсету процесі цифрлық форматқа көшіп жатыр

«Қазхром» шахталарында техникалық қызмет көрсету процесі цифрлық форматқа көшіп жатыр
Фото: Қазхром баспасөз қызметі

«Қазхром» шахталарында  процестерді цифрландыру қарқынды түрде  жалғасып жатыр. Бұл жолы техникалық қызмет көрсету саласын қамтыды. Дөң тау-кен байыту комбинатында мобильді жөндеу жұмыстарын техникалық қызметке енгізу жүргізілуде. Жобаны қысқаша атасақ – мобильді ТОРО. Енді жөндеу қызметкерлерінде ақауларды тіркеу үшін қажетті мобильді құрылғы бар.

Мобильді ТОРО жүйесін, яғни  техникалық қызмет пен жөндеуді басқарудың цифрлық құралын енгізу «Болашақ» шахтасынан басталды.

Жоба «Эталонды цех» бастамасы аясында жүзеге асырылып, өндірісті цифрландыруды дамытуға және өндірістік процестердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Енгізу наурыз айында қолға алынды. Қазіргі уақытта Qollab платформасында жүйенің негізгі баптаулары аяқталды: мобильді құрылғыларды пайдалана отырып, ақауларды тіркеу функциясы енгізілді. Жақын арада шахта қызметкерлеріне смартфондар таратылады. Содан кейін келесі кезең – жөндеу жұмыстарын жедел жоспарлауды енгізу басталады.

Бұрын мобильді ТОРО кәсіпорынның екі фабрикасында және шекемтас өндіру цехында ғана болды. Тәжірибе тексерулер тәртібінің өсуін, деректер сапасының жақсаруын және анықталған ақауларға жауап берудің жылдамдығын көрсетті. Бұл нәтижелер шешімді тау-кен өндірісінде кеңейтуге мүмкіндік берді.

Шахтада жүйе кешенді түрде енгізіліп жатыр: жабдықтар QR- және NFC- маркасымен белгіленген, тексерістік жүріс маршруттары мен тексерудің парақшалары  құрылған. Қызметкерлер смартфондарды пайдалана отырып, тексерістер жүргізіп, параметрлер мен ақауларды нақты уақыт режимінде тіркеп отырады. Барлық деректер автоматты түрде SAP жүйесіне біріктіріледі, бұл процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді және бірыңғай сандық дерекқор құрады.

ДөңТКБК техникалық қызмет және жөндеу жөніндегі  директоры Қанат Давлеталин мобильді ТОРО-ны енгізу қағаз құжат айналымынан және деректерді қолмен енгізуден бас тартуға, тексерулердің орындалуын бақылауды арттыруға және ақпаратты жоғалту тәуекелін азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл кәсіпорынға сенімді деректерді талдау және басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз қалыптастырады.

Компания деректері бойынша, жоба әсері қазірдің өзінде бар:  ақауларды ерте анықтау үлесі артып келеді, өндірістік және жөндеу қызметкерлері арасында ақпарат алмасу уақыты қысқарады, жөндеу жұмыстарын жоспарлау сапасы артады және жабдықтың жоспарсыз тоқтап қалу саны азаяды. Сондай-ақ, RCA, FMECA және тәуекел-бағытталған техникалық қызмет сияқты сенімділікті талдау құралдарын енгізу үшін база құрылуда.

Сенімділік, диагностика және инжиниринг бөлімінің басшысы Қайрат Бесенов жоба ДТКБК-да ТҚжЖ саласын кешенді цифрландыру стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Фабрикалық нысандарда сәтті сынақтан өткеннен кейін жүйе тау-кен жабдықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, шахта жағдайларына бейімделді.

Мобильді ТОРО-ны енгізу жабдықтың техникалық дайындық коэффициентін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және өндірістік процестердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Анықтама:

Мобильді ТОРО – бұл техникалық қызмет көрсету және жөндеу операцияларын жұмыс орнында мобильді құрылғыларды пайдалана отырып, тікелей орындауға мүмкіндік беретін сандық құрал.

🤖
TILSHI AI
Сәлем! Бұл жаңалыққа қатысты сұрағыңыз бар ма?
Жасанды интеллектіге сұрақ қою үшін жүйеге кіріңіз.

Ұқсас жаңалықтар